Автокөлік бөлімшесі
Автокөлік бөлімшесі

«Астана Моторс»

Автокөліктерді сату, сервистік қызмет көрсету және құрастыру саласында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы компания. 1992 жылы құрылған.

Бүгінгі таңда «Астана Моторс» портфелінде келесі брендтер ұсынылған:

  • Hyundai, Subaru, BMW, MINI, Motorrad, Land Rover және Jaguar HAVAL, Chery, TANK, Changan, Golden Gragon, Foton ресми дистрибьюторы.
  • Toyota, Lexus және МАЗ ресми дилері.

Компания Қазақстанда Hyundai жеңіл автокөліктерін өндіру зауытын және Hyundai, Golden Dragon, МАЗ және Foton коммерциялық техникасын шығару бойынша зауыт салды.

Hyundai Trans Kazakhstan — Алматы қаласындағы Hyundai жеңіл автокөліктерін өндіретін зауыт 2020 жылғы 15 қазанда іске қосылды.
Инвестициялардың жалпы көлемі 80 млн долларды құрады, оның 30%-ы — «Астана Моторс» компаниясының жеке қаражаты, ал 70%-ы — «Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-дан жұмылдырылған несие қаражаты.
Жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Кәсіпорынның ауданы — 34 мың шаршы метр. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты әлемдік автокөлік жасаудың заманауи технологияларын қолдана отырып салынған және экологиялық стандарттардың талаптарына сай келеді.

Hyundai Trans Kazakhstan дәнекерлеу, бояу, жинау, пластик бөлшектерді бояу цехтерін және компоненттер қоймасын қамтиды. Кәсіпорын Оңтүстік Кореяда шығарылған Hyundai Motor Company, Obara, Korea Hoist, Durr Korea, Korea Tech, Hyundai Rotem және т.б. ең жаңа жабдықтармен жасақталған. Кәсіпорындағы жабдықтарды монтаждау жұмыстарын Hyundai Motor Company және Youngsan (Корея) мамандары жүргізді. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Motor Company талаптарына сай келеді және Еуропада, АҚШ-та және Азияда әлемдік деңгейдегі зауыттарды сертификаттайтын көшбасшы компаниялардың сертификаттау құжаттарына ие.

Зауытта 800-ден аса жұмыс орны құрылған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты — жылына 47 мың бірлікке дейін. «Астана Моторс» компаниясы өндірілетін жалпы автокөліктер санының 50%-ын Қазақстан нарығында өткізіп, қалған 50%-ын ТМД елдеріне жеткізетін болады.
Қазіргі таңда компания Hyundai автокөліктерін Өзбекстанға және Беларуське экспорттап жатыр.

Жеңіл автокөліктер өндіретін зауыт — отандық автокөлік өнеркәсібін дамытуға бағытталған стратегиялық нысан, экономиканың өсіп-өркендеуі мен әртараптандырылуына үлесін қосып, елдің инновациялық даму деңгейін жоғарылатады және кадрлардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді, қазақстандық нарықты жаңа автокөліктермен толықтырады және ТМД елдеріне экспортты қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Hyundai Trans Almaty — коммуналдық кәсіпорындар мен жеке ұйымдарға арналған арнайы коммерциялық техника өндіретін зауыт. «Астана Моторс» компаниясы Golden Dragon моделіне артып келе жатқан сұранысты ескере отырып, өндірістік қуатын кеңейтті және ауданы 9 535 мың шаршы метр аумақта автобус шанақтарын дәнекерлеу, бояу цехтері және автобустарды құрастыру цехі салынды. Шағын торапты өндірістің толық цикліне өткеннен кейін Hyundai Trans Almaty Golden Dragon автобустарын дәнекерлеу және бояу технологияларын меңгерудің есебінен өндірістегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайтады, экспорттық әлеуеттің дамуына жаңа импульс береді, жаңа жұмыс орындарын ашады, өндіріс қуатын арттырады.

Astana Group құрамына Қазақстан нарығында 2004 жылдан бастап жұмыс істейтін және әлемдік өндірушілердің жеңіл автокөліктері мен коммерциялық техникасының мол таңдауын қаржылық және операциялық лизингке ұсынатын Astana Motors Finance еншілес компаниясы да кіреді.

Девелоперлік бөлімше
Девелоперлік бөлімше

MEGA

MEGA — Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі аса ірі сауда ойын-сауық орталықтарының желісі. MEGA сауда ойын-сауық орталықтарын тұрғызумен және дамытумен Astana Group девелоперлік бөлімшесі — Mega Center Management айналысады.

Негізі қаланғаннан бері 19 жылдың ішінде MEGA Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 7 СОО тұрғызды және басқарып келді және өзін қазақстандық нарықтағы девелопмент саласының түйінді ойыншыларының бірі ретінде танытты.

Бүгінгі таңда MEGA СОО желісіне жалпы ауданы 430 мың м2 үш СОО (екеуі Алматыда — MEGA Alma-Ata және MEGA Park және біреуі Нұр-Сұлтанда — MEGA Silk Way) кіреді.

MEGA желісінің алғашқы СОО Алматыда 2006 жылы ашылды. Екінші кезектегі MEGA Alma-Ata 2013 жылы пайдалануға енгізілді.

Одан бір жыл өткеннен кейін MEGA Park өз есіктерін айқара ашты.

Елордалық MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы өзінің алғашқы қонақтарын 2017 жылы наурыз айында қабылдады.

Бүгінде тұжырымдамалық әлеуметтік, мәдени, спорттық жобаларымен СОО айына 3,5 млн-ға тарта адамды жұмылдырады.

MEGA желісі қолайлылық пен жайлылықты қамтамасыз етеді және таңғалдыруға ұмтылады. Сауда ойын-сауық орталықтарында отбасылық демалысқа қажетті бүкіл жағдайлар жасалған: гардероб, ана мен бала бөлмесі, алғашқы медициналық көмек пункттері, сондай-ақ химиялық тазалау, ателье, сұлулық салондары. Әр орталықтың өз өрт сөндіру командасы бар. Орталықтағы тәртіпті жеке қауіпсіздік қызметі қадағалайды.