
"АСТАНА МОТОРС" МАҚТААРАЛДА ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ ЖИҺАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
«Астана Моторс» компаниясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары үшін жалпы құны 50,5 млн теңгеге жаңа жиһаздың 426 жиынтығын сатып алды. Жатын бөлмелердің алғашқы топтамасы жаңа қоныстанушыларға жеткізілді.