«Астана Групп» компаниялар тобының басшылығы
-
Нұрлан Смағұлов
Astana Group президенті
Нұрлан Смағұлов — тарихы «Астана Моторс» ҚМК құрылған 1992 жылдан бастау алатын Astana Group негізін қалаушы.
Нұрлан Еркебұланұлы — Қазақстандағы танымал кәсіпкер, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті, Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы, меценат, № 2 түзету мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Ана үйі" қамқоршылық кеңесінің мүшесі.1965 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша тәмамдады. 1984−1986 жылдары әскер қатарында қызмет етті.
1992 жылы «Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясының негізін қалады. Автомобиль компаниясының негізгі қызмет түрі — автомобильдерді жасау және сату, сервистік қызмет көрсетуді ұсыну.
1996−2002 жылдары «Продкорпорация» ЖАҚ-та жұмыс істеді.
1996−2000 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі лауазымын атқарды.
2003−2007 жылдары — «АТФ Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.Марапаттары мен сыйлықтары:
«Құрмет» ордені, 2007 ж.
ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, 2007 ж.
«Астананың 10 жылдығы» медалі, 2008 ж.
Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясы ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері" (Entrepreneur of the year award) халықаралық байқауының Ұлттық кезеңінің жеңімпазы, 2009 ж.
«Эксперт Казахстан» журналының нұсқасы бойынша «Жыл кәсіпкері", 2010 ж.
2011 жылдан бастап Нұрлан Смағұлов Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің ондығына кіреді.
(Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша ең ықпалды жыл бизнесмендерінің рейтингінде № 6, 2019 ж.).
2012 жылғы мамыр айында халықтың дауыс беруі нәтижесінде ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ел тұлғасы» байқауының «Бизнес» номинациясында жеңімпаз атанды.
2014 жылдан бастап Қазақстандағы ең ірі рантье болып табылады (Forbes рейтингінде № 1).
2015 жылдың соңында Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша «Жыл кәсіпкері" деп танылды. -
Бекнұр Несіпбаев
«Астана Моторс» ҚМК Атқарушы директоры
Атқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін Бекнұр Мұратұлы «Астана Моторс» компаниясында 10 жыл жұмыс істеді. Өзінің еңбек жолын қосалқы бөлшектерді сату бөлімінің менеджері қызметінен бастады. Кейіннен келесі лауазымдарға тағайындалған: қосалқы бөлшектер бөлімінің бастығы, техникалық директор, Hyundai Auto Astana дилерлік орталығының директоры, «Астана Моторс» ҚМК техника жөніндегі басқарушы директоры.
2007 жылы «есеп және аудит» мамандығы бойынша Қазақ-Ресей университетін тамамдаған.
-
Айжан Тулемисова
Mega Center Management бас директоры
Айжан Тулемисова 14 жыл бойы Astana Group компаниясының құрылымдарында жұмыс істеп келеді. Ол университеттен кейін бірден осында келіп, мансабын Астанадағы Astana Motors мультибрендтік автоорталығында жарнама жөніндегі менеджер ретінде бастаған.
2009 жылы «Тойота Центр Астана» автоорталығының маркетинг жөніндегі директоры лауазымына тағайындалып, 2014 жылы осы автоорталықты басқарған.
Содан кейін ол «Лексус Астана» директоры және брендтің Астана бойынша өңірлік директоры лауазымдарында жұмыс істеген, MyCar Astana орталығының бірінші басшысы болып, елордада тұңғыш Mycar автохабын құрумен және іске қосумен айналысқан.
2022 жылдың қаңтарында Айжан Тулемисова Mega Center Management бас директоры лауазымына тағайындалды.
2007 жылы «маркетинг» мамандығы бойынша Орынбор мемлекеттік университетін бітірген. 2017 жылы Swiss Business School мектебінде MBA дәрежесін алған.