Автомобильдік бөлімше

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы — автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компания нарықта 5 әйгілі әлемдік брендтерді ұсынады. «Астана Моторс» ҚМК — BMW эксклюзивті импортшысы, Subaru және Hyundai компанияларының ресми дистрибьюторы, Toyota және Nissan компанияларының дилері.

Компанияның мұраты — Қазақстанда өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру.
Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales, Service, Spare parts (сату, қызметтер көрсету, қосалқы бөлшектер).


2004−2009 жылдары «Астана Моторс» ҚМК «Қазақстандағы жыл таңдауы» республикалық фестиваль-конкурсының қорытындысы бойынша «№ 1 автодилер» деп танылды.
2007- 2009 жылдары компания Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасынан «Мінсіз» сапа белгісін алды.

«Astana Motors Leasing» — «Астана Моторс» ҚМК-нің еншілес компаниясы, ол Қазақстанның нарығында 2004 жылдан бері жұмыс келеді және әлемдік өндірушілердің автомобильдері мен коммерциялық техникасының кең ауқымын лизингке ұсынады: BMW, Toyota, Nissan, Subaru, Hyundai.

Жұмыс істеген кезең ішінде «Astana Motors Leasing» өзін сенімді стратегиялық серіктес ретінде танытты және еліміздің жетекші лизингілік компанияларының қатарына кірді. «Astana Motors Leasing» компаниясының клиенттері - қазақстандық ж"әне шетелдік ірі компаниялар, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындары.


Коммерциялық жылжымайтын мүлік бөлімшесі

MEGA Development — Қазақстандағы аса ірі MEGA сауда-ойын-сауық орталықтары желісін дамытумен және басқарумен айналысады. Компанияның меншігінде сондай-ақ Алма-Ата.ты қонақүйі де бар.

MEGA сауда-ойын-сауық орталықтары төрт ірі қалада жұмыс істейді: ел ордасы — Астанада, қаржы орталығы — Алматыда, оңтүстіктегі аса ірі қала — Шымкентте, батыстағы мұнай өндіретін аймақтың орталығы — Ақтөбеде.

MEGA СОО жобаларының барлығын француздың Design Architectural компаниясы әзірлеген, ол осымен отыз жылдан астам бүкіл дүние жүзінде сауда-ойын-сауық орталықтарын жобалау ісімен айналысып келеді. Әр MEGA СОО ауқымы мен сәулеттік жоспары бойынша Қазақстан мен Орталық Азияда теңдесі жоқ жоба болып табылады. Кешендер қазіргі заманға сай әлемдік стандарттарға сәйкес құрылған, мегаполистің осы заманғы тұрғынының ең жоғары функционалдық және эстетикалық талаптарына сай келеді.

MEGA желісінің әр сауда-ойын-сауық орталығында супермаркет, электроника мен тұрмыстық техника дүкені, бутиктер, кафелер мен мейрамханалар, фуд-корт, кинотеатрлар, балалардың көңіл көтеретін саябақтары, боулинг, мұз айдыны және құз-жартас айлағы бар.

Біздің компания Zara, Mango, Ramstore, StarCinema, Babylon сияқты жетекші халықаралық сауда желілерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.