TOYOTA MOTOR KAZAKHSTAN ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ КИТ СИММОНС «АСТАНА МОТОРС» БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

Кит Мэтью Симмонс «Астана Моторс» компаниясы басқармасының жаңа мүшесі болды.

Кит Симмонс автокөлік саласында 30 жыл жұмыс істейді, 2021 жылғы желтоқсанға дейін Toyota Motor Kazakhstan президенті қызметін атқарды, Toyota Financial Services Kazakhstan Бақылау кеңесінің мүшесі болды.

Кит Мэтью Симмонс Ұлыбританиядан шыққан, Плимут университетін бітірген, бизнес бакалавры дәрежесін және маркетинг дипломын алған, сонымен қатар Швейцарияда Лозанна қаласындағы Халықаралық басқаруды дамыту институтын (IMD) бітірген.

Симмонс мырзаның автокөлік саласындағы мансабы 1992 жылы басталды. Ол Jaguar Land Rover, Toyota Motor Europe, Toyota Motor Russia және Toyota Motor Corporation Japan компанияларында басшылық қызметтер атқарды.

2017 жылы Кит Симмонс Toyota Motor Corporation еншілес компаниясы, Toyota және Lexus автокөліктерінің ресми импорттаушысы және дистрибьюторы болып саналатын Toyota Motor Kazakhstan президенті атанды.

Құрамына «Астана Моторс» компаниясы кіретін Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов атап өткендей: «Бізді Симмонс мырзамен жылдар бойы қалыптасқан тиімді ынтымақтастық байланыстырады. Ол — әлемнің түрлі елдерінде ірі компанияларды басқарушының құнды жеке тәжірибесі бар үлкен кәсіпқой және сенімді серіктес».

Кит Симмонс басшылығымен Toyota Motor Kazakhstan рекордтық жетістіктерге қол жеткізді.

«Астана Моторс» компаниясында Симмонс мырза дистрибуция мен дилерлік желіні жаһандық дамытуға назар аударатын болады.

АНЫҚТАМА:

«Астана Моторс» — 1922 жылы құрылған, Қазақстанда автокөліктер сату, оларға сервистік қызмет көрсету және өндіру саласында жұмыс істейтін алғашқы компания. «Астана Моторс» портфеліне 13 автокөлік бренді кіреді.

«Астана Моторс» — Hyundai компаниясының Қазақстандағы жеңіл және коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы, Subaru компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, BMW, MINI, Motorrad автокөліктерінің Қазақстандағы эксклюзивті импорттаушысы, Haval компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Chery компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Golden Dragon маркалы жолаушылар көлігін өндіру және сату бойынша Қазақстандағы ресми дистрибьютор, Toyota брендінің Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы ресми дилері, Lexus брендінің Нұр-Сұлтан қаласындағы ресми дилері, Land Rover және Jaguar брендтерінің Алматы қаласындағы ресми дилері, Volvo брендінің Алматы қаласындағы ресми дилері.

«Астана Моторс» компаниясының өзінің 30 дилері, Hyundai Trans Almaty коммерциялық техника шығаратын зауыты және Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөлік шығаратын зауыты бар.