2020 жылдың қорытындысы бойынша «Астана Моторс» сатылымы 24,4%-ға өсіп, 26 826 жаңа автомобильге жетті (21 558 бірлік — 2019 ж.).

«Астана Моторс» компаниясының 2020−2021 жылдардағы нәтижелері мен сату жоспарлары

Компанияның үлесі 2020 жылы Қазақстан нарығында 25%-ды құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Астана Моторс» Қазақстанның автомобиль саласындағы ірі салық төлеушілердің біріне айналды. Ел бюджетіне (республикалық және жергілікті) салық төлемдерінің сомасы 29,4 млрд теңгені құрады. Компанияның 2020 жылғы жалпы айналымы — 850 млн АҚШ доллары (360 млрд теңгеден астам).

«Астана Моторс» компаниясы 3000-нан астам қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашады.

«Астана Моторс» автомобиль нарығында қызмет еткен 29 жыл ішінде бірегей тәжірибе жинақтап, клиенттер мен серіктестердің мойындауы мен сеніміне ие болды. Біз бірге COVID-19 пандемиясынан туындаған 2020 жылғы күрделі сынақтардан өттік, компанияның даму жөніндегі жоспарларын және Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер зауытын салу бойынша мемлекет алдындағы міндеттемелерді орындадық", — деп атап өтті Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов.

№ 1 бренд

2020 жылы Hyundai бренді қазақстандық автомобиль нарығының көшбасшысы болды. Қазақстандағы Hyundai сатылымы 2020 жылы 17 857 бірлікті құрады. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 20,2% (14 853 бірлік).

2020 жылы Өзбекстандағы Hyundai сатылымы — 3 561 бірлік. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 1 359,4% (244 бірлік).

2020 жылы «Астана Моторс» портфеліндегі Топ-10 модель

Trade in

2020 жылы Trade-in бағдарламасы шеңберінде «Астана Моторс» сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 59%-ға өсті (3 659 бірліктен 5 818 бірлікке дейін).

Коммерциялық техника өндірісі

2020 жылы «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны — Hyundai Trans Almaty зауыты 809 бірлік коммерциялық техника шығарды. Өндірістің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 63%-ды құрады (496 бірлік). 2020 жылы 838 бірлік сатылды, 2019 жылмен салыстырғанда өсім 58% (529 бірлік). Сатылымның өсуі модельдік желінің кеңеюімен байланысты.

2021 жылдың соңына дейін Hyundai Motor Company-мен (Оңтүстік Корея) жасалған келісім шеңберінде Hyundai Trans Almaty зауыты жүк көтергіштігі 3,5-тен 9 тоннаға дейін болатын Hyundai Mighty ЕХ6, ЕХ8 және ЕХ9 аз тонналы жүк көліктерінің ұсақ түйінді өндірісі желісін, оның ішінде жүк тасымалдаудың барлық арнайы шарттарына жауап беретін коммуналдық техниканың, фургондар мен борттық платформалардың түрлі модификацияларын іске қосады.

Сонымен қатар, 2021 жылы Hyundai Trans Almaty Golden Dragon автобустарының өндірісін кеңейтеді. «Астана Моторс» коммерциялық техника өндірісін дамытуға 4,13 млрд теңге инвестициялайды. Жалпы алғанда, құрылыс және қайта құру аяқталғаннан кейін кәсіпорынның ауданы, 9,5 мың шаршы метр ауданда орналасқан жаңа цехтарды қоса алғанда, 14 мың шаршы метрді құрайды.

Бүгінде Hyundai Trans Almaty 238 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ұсақ түйінді өндірістің кеңеюімен кәсіпорында 350 адам жұмыс істейтін болады, қазақстандық қамту үлесі артады, ТМД елдеріне автомобильдер экспортының көлемі ұлғаяды.

Жеңіл автомобильдер өндірісі

2020 жылдың сәуір айында Алматының Индустриялық аймағында «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны — Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын зауыттың құрастыру цехы жұмысын бастады. 2020 жылғы 15 қазанда, ресми салтанатты ашылуы аясында шанақтарды дәнекерлеу және бояу, пластикалық бөлшектерді бояу, автомобильдерді құрастыру цехтары және автомобильдерді ұсақ түйінді өндіруге арналған компоненттер қоймасы бар зауыт толыққанды іске қосылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорында болып, Hyundai Trans Kazakhstan ресурстарын жоғары бағалады.

Hyundai Motor Company басшысы Ли Вон Хи мырза Hyundai Trans Kazakhstan қазақстандық нарыққа Hyundai жоғары сапасы мен технологиясын әкелетінін атап өтті. «Біз бұл зауыттың тек қазақстандық нарық үшін ғана емес, сонымен қатар ТМД-ның басқа да елдері үшін өндірістік база болатынына сенімдіміз», — деді Hyundai Motor Company президенті.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі - 28 млрд теңгеден астам. Оның ішінде 30%-ы (8 млрд теңгеден астам) — «Астана Моторс» меншікті қаражаты, 70% (20 млрд теңге) — «Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-нан тартылған кредиттік қаражат.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологияларын қолдана отырып салынған және экологиялық стандарттар талаптарына сәйкес келеді. Жеткізілген жабдық Оңтүстік Кореяда Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны үшін өндірілді. Кәсіпорында жабдықтарды монтаждауды Hyundai Motor Company және Youngsan (Оңтүстік Корея) мамандары жүргізді.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытының ауданы — Алматының индустриялық аймағындағы 25 гектар жердегі 34 мың шаршы метр. Өндірістік қуаты бірінші кезеңде — жылына 30 мың бірлік, екінші кезеңде — жылына 45 мың бірлікке дейін.

Өндірілген автомобильдердің жалпы санының 50%-ын «Астана Моторс» Қазақстан нарығында өткізетін болады және 50%-ын ТМД елдеріне жеткізеді. Бүгінгі таңда «Астана Моторс» Өзбекстанға Hyundai автомобильдерін экспорттауда. 2021 жылы компания Hyundai автомобильдерін Беларусь Республикасына жеткізуді бастайды.

2020 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта Hyundai Trans Kazakhstan 8 401 автомобиль шығарды.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 370 адам жұмысқа орналастырылды. Толық қуатына шыққаннан кейін Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы жұмыс орындарының саны шамамен 700 адамды құрайды.

Жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.

2020 жылы іске асырылған жобалар

Өткен жылы «Астана Моторс» Алматы, Қарағанды, Ташкент қалаларында жаңа дилерлік орталықтар ашты. Осылайша, бүгінде «Астана Моторс» дилерлік желісінде Қазақстан мен Өзбекстандағы 23 автоорталық бар.

2020 жылы Алматының индустриялық аймағында Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды.

Жаңа жоба — mycar. kz мобильді қолданбасы, Қазақстандағы автомобильдерді сату бойынша жеке және коммерциялық хабарландырулардың ірі агрегаторларының бірі, бір бүтінге жиналған қосымша сервистер жиынтығы бар экожүйе.

Сонымен қатар, «Астана Моторс» автомобильдерді онлайн сатуды және 7007 жеке тәулік бойғы байланыс орталығын іске қосты.

«Астана Моторс» компаниясының 2020 жылғы қорытындысы

2021 жылға арналған жоспарлар

2021 жылға арналған мақсаттар — сату көлемін 24,2%-ға өсіру, бұл 33 315 автомобильді құрайды.

«Астана Моторс» қазақстандық автоәуесқойларға Genesis, Haval брендтерін ұсынады және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Өскеменде, сондай-ақ Өзбекстандағы бірқатар қалаларда дилерлік желіні дамытуды жалғастырады.

Сәуір айында Нұр-Сұлтанда ұсталған автомобильдерді жаңа форматта сатуға арналған MYCAR. KZ автосалоны ашылады. Ақпан айында Алматыда MYCAR. KZ автосалонының құрылысы басталды.

Алматының индустриялық аймағында пластикалық бөлшектер шығаратын цех салу жоспарланған.