Біз іскерлік тәжірибенің жоғары стандарттарына сәйкес болуға ұмтыламыз. «Astana Group» компаниялар тобының мұраты, болашаққа көзқарасы — бұл біздің қызметіміздің мәні, ұмтылыстарымыз, қоғам алдындағы міндеттемелеріміз.

Біздің құндылықтар жүйеміз корпоративтік мәдениеттің негізі болып табылады. Бұл компанияның тіршілігі мен қызметінің негізгі қағидалар жүйесі. Біз осы мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және бізбен бірге жұмыс істейтіндерге біздің құндылықтарымызды ортақтасуды ұсынамыз.

Мұраты

Біз өз ісімізді Қазақстандағы ең үздік компания болуға және адамдарға керекті тауарлар мен қызметтерге олардың қолын жеткізуге бағыштаймыз.


Болашаққа көзқарас

Біз кәсіпқойлықтың, парасаттылық пен сенімділіктің өнегесіне айналатын табысты қазақстандық компанияны құрудамыз

Біз жетіле беруімізді жалғастырудамыз. Ең үздік болуға деген ұмтылысымызда біз бизнес жүргізудің қазірші заманғы ережелеріне сәйкес өзгеріп отырамыз.

Басты бәсекелестік артықшылық - үйрене білу және бәсекелестерге қарағанда жылдамырақ өзгере білу. .

Бұл біздің көш басында болуымызға мүмкіндік береді. Біздің қызметіміздің бағыттары көп, оның әрқайсысының өз нарығы бар. Нарықтардағы көшбасшылық тек бізге, біздің бәсекелестік артықшылықтарымызды қаншалықты іске асыра алуымызға байланысты. Соның ішінде олардың қатырындағы басты артықшылықты да.

Біз еңбек өнімділігін арттырудың және компанияны дамытудың басты тәсілі ретінде қазіргі заманғы технологияларды пайдалануға ұмтыламыз

Қазіргі заманғы озық технологиялар біздің компанияның қызметінде маңызды рөл атқарады. Оларды біз өз еңбегіміздің өнімділігін арттырудың ең пәрменді тәсілі ретінде көреміз.

Біз дарындарды тартамыз және дамытамыз

Біз қызметкерлеріміз бен серіктестеріміздің өздерін танытуына әрі өсуіне, ал бірлесіп ғаламат жетістіктерге жетіп, үздіктер қатарына қосылуға жағдай жасайтын мүмкіндіктер беруге ұмтыламыз. Біз әрбір жұмыс орнында жасампаздыққа қабілеті мол дарынды адамдар керек деп сенеміз. Осындай адамдарды тарта отырып, біз олардың дарынының компания мен қоғамның пайдасына жұмыс істей алатын жаңа қырларын ашамыз.

Біз өз құндылықтарымызды айналадағы дүниеге әкелеміз.

Біз дүниені өзгерту туралы ғаламат міндеттерді қоймаймыз. Бірақ егер біздің әрқайсымыз өзіміздің корпоративтік құндылықтарымыз бен қағидаларымызды қоғамға жеткізетін болсақ, онда айналадағы дүниенің әлдеқайда жақсара түсетініне біз кәміл сенеміз. Бұл — батыл мақсат, алайда оны орындауға болады және де ол біздің компанияға лайықты.

Құндылықтар

• Парасаттылық
• Ашықтық
• Жауапкершілік
• Биіктерге ұмтылыс
• Құрмет
• Сенім арта білу
• Клиенттерге бағдар алу