Әлеуметтік жауапкершілік
Әлеуметтік жауапкершілік біз үшін – тек қызыл сөз ғана емес. Біз «Қазақстандықтар әлемнің ең биік шыңдарында» деп аталатын биік мақсатты жобаға қолдау көрсетеміз. Оның мақсаты – теңіз деңгейінен 8 000 метрден астам биіктікте орналасқан он төрт тау шыңының барлығына қосымша оттегіні пайдаланбастан өрлеп шығу. 2007 жылы біздің демеушілік көмегімізбен Қазақстанның құрама командасы Жер шарының ең биік шыңы – Эверестті (8 848 м.) және «сегіз мыңдық» шыңдардың ішіндегі ең қиыны әрі қауіптісі – К2 (8 611 метр) шыңын, 2008 жылы – Манаслу шыңын (8 156 метр) бағындырды. 2009 жылы біз «Лхотце-Эверест» экспедициясының бас демеушісі болдық.

2003 жылғы көкек айында Toyota Center Almaty аумағында Н.Смағұловтың бастамасы бойынша Art-Center Alma-Ata көркемсурет галереясы ашылды. Галереяның шығармалар жинағы Қазақстанның үздік суретшілерінің туындыларынан жиналған. Галерея өзінің жұмысын арт-менеджер ретінде бағдарлайды да, суретшілер мен өнерсүйер қауымның арасындағы делдал болып табылады. Орталық өнер шеберлеріне жан-жақты қолдау көрсетеді, Алматының және бүкіл республиканың мәдени өмірін байытады әрі кеңейтеді, Қазақстанның өнерінің әлемдік көркемөнер үдерісіне интеграциялануына көмектеседі, жасампаз зияткер қауым мен жалпы қоғамның арасындағы байланыстарды дамытады. "Алматы" өнер орталығы кескіндеме өнері, саз, театр, кино, әдебиет, поэзия салаларындағы сан алуан жобалар үшін, өнер және мәдениет саласындағы кәсіпқойлармен жеке қатынастар үшін ашық.

Өзінің құрылғанына он бес жыл толғанда “Астана Моторс” компаниясы Астана қаласына Hyundai H-1 маркалы он жаңа “жедел медициналық көмек” автомобилін тарту етті.

Тағы бір әлеуметтік маңызы үлкен жоба – балалар суретінің республикалық конкурсы. Оның басты мақсаты – жас дарындарды тауып, көтермелеу. 2008 жылы сурет конкурсы «Сен армандаған автомобиль» тақырыбына арналды.

Біздің қаржылық қолдауымызбен Қазақстан Автомотоспорт Федерациясының жылдамдықпен мәнерлеп айдау бойынша сайыстары үнемі өткізіліп тұрады. Автосайыскерлердің «Дала бөрілері – Астана Моторс» атты кәсіпқой клубының командасы қазақстандық және халықаралық сайыстарға белсенді түрде қатысады. Subaru Kazakhstan компаниясының негізінде Машина жүргізу мектебі жұмыс істейді, онда тілек білдірген адамдардың барлығы төтенше жағдайларда машина жүргізудің арнайы курсынан өте алады.

MEGA сауда-ойын-сауық орталықтарының аумағы дәстүрлі түрде толып жатқан қайырымдылық және әлеуметтік іс-шаралар өткізілетін алаң болып табылады. MEGA СОО орналасқан қалалардағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері – біздің орталықтарымызда орналасқан кинотеатрлардың, мұз айдындарының, құз-жартас айлақтарының, кафелер мен мейрамханалардың жиі келетін меймандары. Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Астана қалаларындағы зейнеткерлерде StarCinema және "Кинопарк" мультиплекстеріндегі киносеанстарға жұмыс күндері таңертеңгі уақытта баруға мүмкіндігі бар. Үш жылдан астам MEGA желісі «Милосердие» ерікті қоғамының» тұрақты серіктесі болып табылады және қиын емделетін аурулардан зардап шегетін қазақстандық балалардың шет елдерде емделуі үшін қаражат жинауға көмектеседі.
© «Astana Group», 1992 –
Developed by Neolabs Web Solution