Мансап
Astana Group – бұл 2000 маман. Ұжымның негізгі бөлігі компанияның негізі қаланған күннен бері жұмыс істейді. «Астана Моторс» ҚМК және MEGA Development автосалондары, кәсіпорындары мен сауда-ойын-сауық орталықтары Қазақстанның барлық ірі қалаларында бар.

Біз өз қызметкерлеріміз үшін – мейлі, жаңадан жұмыс істей бастаған маман немесе тәжірибелі менеджер болсын – бәріне де кәсіби өсу үшін кең мүмкіндіктер береміз. Astana Group біздің ортамызға дарынды, мақсатқа ұмтылған әрі ынталы, біртұтас ұжымда жұмыс істеуге дайын мамандарды әрқашан да қуана қабылдайды. Компания күрделі тапсырмаларды орындауды сеніп тапсыра отырып, Сіздің мансаптық өсуіңізге мүдделі.

Біздің компаниядағы бос жұмыс орындарына арналған конкурсқа қатысу үшін өзіңіздің түйіндемеңізді HR@astana-group.kz электрондық пошта адресі бойынша немесе + 7 (727) 244 76 37 факсы арқылы жолдау керек. Электрондық хаттың тақырыбында тегіңізді, атыңызды және өзіңіз үміткер болып отырған лауазымды көрсету керек.

Егер Сіздің тәжірибеңіз және біліктілігіңіз талаптарға сәйкес болса, біз міндетті түрде Сізді сұхбаттасуға шақырамыз. Келіп түскен барлық түйіндемелер біз жаңа позициялар ашылған кезде ең алдымен жүгінетін деректер қорына түседі.
© «Astana Group», 1992 –
Developed by Neolabs Web Solution